Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен алдағы бірлескен іс-шараларды талқылады
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев оны туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қазақстан Президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін атап өтті. Әрі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды. Сондай-ақ, тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.