Астананың 2035 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді
Енді жаңбырдан кейін Астана көшелерін су баспайды. Алдағы жылдары жерасты нөсер суын жинайтын қондырғылар орнатылады. Сондай-ақ, су өңдейтін станса салынады. Оның қуаты тәулігіне 210 мың текше метрге дейін жетеді. Мұндай өзгерістер қаланың 2035 жылға дейінгі бас жоспарында бекітілген. Осы аралықта елордада 178 балабақша, 164 мектеп салынады. Халық санының күрт өсуіне байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бойы көтереді. Айта кетейік, алдағы жылдары астаналықтар саны 2 млн 275 мыңға жетеді деп болжам бар. Қазір 1 миллион 528 мың адам тұрады.