Астанада өнер мен спорттың қос ордасы ашылды
Астанада екі бірдей
жаңа Оқушылар сарайы ашылды. «TANYM ART» және «TANYM SPORT» деп аталатын
кешендерінің әрқайсысы 750 балаға шақталған. Мұнда оқушылар спорт, өнер, ғылым
және заманауи технологиялар бағытында білім алады. Мемлекет басшысының
тапсырмасымен елордада қосымша білім беру инфрақұрылымы кеңейіп келеді. Алдағы
екі жылда Астанада тағы 15 жаңа нысан салынбақ. Жаңа нысандарды Құндыз Маршал
көріп келді.
Иә, бірі – болашақ чемпиондардың, екіншісі – өнер жұлдыздары мен жас өнертапқыштардың ордасы. Елордада екі заманауи Оқушылар сарайы ашылды. «TANYM ART» орталығында балалар робот құрастырып, дрон ұшыруды үйренеді. Тіпті кино әлеміне қадам басып, актерлік шеберлігін шыңдайды.
Ғаждембек Тұрсынов, «Tanym Art» орталығының директоры:
- Бұл жерде авиамодельдеу, кеме модельдеу, дрон ұшыру, робототехника, шахмат, бағдарламалау, гидропоника дейміз, биологиялық бағыт бар, инженерлік бағыт бар.
Ал «TANYM SPORT» кешенінде
жүзу, бокс, күрес және шахмат үйірмелері жұмыс істейді. Мұнда екі бассейн мен
заманауи спорт залдары бар. Қазірдің өзінде 500-ге жуық бала тіркелген. Ең
бастысы, әр бала бір үйірмеге тегін қатыса алады.