Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Астанада жұмыс таба алмай жүрген 19 мыңнан астам азамат бар. Қала әкімдігі бұл көрсеткішті төмендету үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Елордадағы 50 кәсіпорын мыңға жуық бос жұмыс орынын ұсынып отыр. Бұл тізімде білім беру, медицина, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және көлік-логистикалық салалар бар. Шара барысында жұмыс беруші мен іздеуші бетпе-бет кездесіп, тікелей тілдесті.