«Астана» брендімен автобустар шығарылады
Қазақстанда қоғамдық көлік құрастыратын жаңа өндіріс ошағы іске қосылады. "Астана" деп аталатын автобустардың алғашқы сериялық өндірісі келер жылдың наурыз айында басталуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысына қатысқан кәсіпкер Нұрлан Смағұлов мәлімдеді. Өндіріске қытай технологиясы мен компоненттері қолданылады. Ал дизайнын қазақстандық инженерлер жасамақ. Дизель және газбен жүретін қоғамдық көліктер осы қараша айынан бастап шығарыла бастайды.