ASAU-2026 әскери-патриоттық сайысы
Қай сарбаздың физикалық дайындығы жақсы, қайсысы қазіргі қарудың бірі – дронды дұрыс ұшыра алады. Алатау қаласында «Асау-2026» әскери-патриоттық байқауы өтіп, 4 мыңға жуық жауынгер өзара мықтыны анықтады. Барлығы да Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінен іріктелген үздіктер. Жеңімпазға 10 күндік демалыс беріледі.