Қараусыз қалған жерлер шаруаларға беріледі
Шардара су қоймасының іргесіндегі қараусыз қалған 12
мың гектар жер қайта игеруге беріледі. Қазір мұнда «Жаушықұм» массивіне су жеткізу шаруасы қолға алынған. Сондай-ақ, су
қоймасында су сорғы станциясын реконструкциялау жұмыстары басталған. Ол үшін
жалпы ұзындығы 51,5 шақырым монолитті темірбетон канал салынып, 8 шақырымдық
электр желісі жөнделеді. Суландыру жүйесінің іске қосылуы сол маңдағы ауыл
шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Жалпы, елде ауқымды құрылыс бастамасы
аясында қараусыз қалған жерлерді шаруаларға беріп, агроөнеркәсіптік кешенді
дамыту жоспары құрылған.