Қарaусыз қалған бұлақтың көзі ашылды
Түркістан облысында
жылдар бойы қараусыз жатқан «Қарасу» қайнары танымастай өзгерді. Ауыл тұрғындары
жұмылып, бұлақтың көзін ашты. Қураған бұталарды кесті. Жағалаудан 3 тоннадан
астам қоқыс шығарды. Аллея мен көпірді сырлады. Ауқымды экоакцияға 1300-ден
астам адам қатысты. Жалпы Қарабұлақта мұндай табиғи орындар аз емес. Ауыл
аумағында тағы жеті бұлақ бар. Болашақта олар да тұрғындар тынығатын саябаққа
айналмақ. Сайрам ауданында да ондаған шақырым арық пен көше тазартылып,
саябақтар ретке келтірілді. Нәтижесінде арнайы полигонға 24 тоннадан астам
қоқыс шығарылды.