«Қарағанды – Жезқазған» автожолының құрылысы қарқын алды

«Қарағанды – Жезқазған» автожолының құрылысы қарқын алды

Қарағанды мен Ұлытау облыстарын жалғайтын екінші санаттағы автожол салынып жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы 457 шақырым. Қазір оның 140 шақырымына 2,2 млн текше метр топырақ төселген. Ал, құрылысқа 450 жол-құрылыс техникасы мен 676 маман жұмылдырылыпты. Бұл Орталық Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі болмақ. Жаңа тас жол пайдалануға берілген соң екі өңір арасындағы сапар уақыты қысқарып, қауіпсіздік артады. Сондай-ақ Қарағанды және Ұлытау облыстарының көлік байланысы жақсармақ.