Апатты үйден – жаңа баспанаға
Оралда жалғыз баспанасы апатты деп танылған 35 отбасы жаңа пәтер кілтін алды. Мұның барлығы «Реновация» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Қазір аймақта осы санат бойынша тұрғын үй кезегінде 600-ден астам отбасы тұр. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев қоныс тойын тойлағандардың қуанышына ортақтасты.
Облыс бойынша жалғыз
үйі апатты деп танылған 600-ден астам отбасы кезекте тұр. Оның 200-і қалада
тұрады. Жыл соңына дейін Оралда осы санаттағы 180 жанұя жаңа пәтермен
қамтылады. Бүгін бірінші лекте 35 отбасы баспаналы болды. Аймақ басшысы
халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекет саясатының басым бағыты екенін атап
өтті.