Аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салынады

Аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салынады

Түркістан облысында синтетикалық аммиак пен карбамид өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Жаңа өндіріс Сауран ауданындағы арнайы экономикалық аймақта бой көтереді. Кәсіпорын өңірді сапалы тыңайтқышпен қамтамасыз етіп, агрохимия саласын дамытуға серпін береді. Жобаны іске асыруға 200 миллион АҚШ доллары, яғни 94 миллиард теңге инвестиция бағытталады. Зауыт жылына 250 мың тонна синтетикалық аммиак және 300 мың тоннаға жуық карбамид шығара алады. Бұл аймақтың импортқа тәуелділігін төмендетіп, ішкі нарықта тыңайтқыштың арзандауына әсер етеді.

¤Қанат Шонбасов, Түркістан облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы :

- Өте керемет зауыт бұл. Жаңадан жұмыс орындары ашылады. Бұл тікелей шетелдік инвестиция болып есептеледі. Бізің Қазақстанда және мынау импортты алмастыру, импортқа тәуелділікті жояды.