Ғалымдар ой бөлісті: «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы

Ғалымдар ой бөлісті: «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабын Жайық зиялылары да жиналып, талдап шықты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ой-тұжырымдары топтастырылған жинақ қазір елдегі басты кітапханаларға таратылған. Қаламгерлер қандай пікір білдіріп жатыр.

¤

Жиналғандар жаңа еңбектің мән-маңызына тоқталды. Олар саналы ғұмырын мемлекет ісіне арнап келе жатқан көрнекті тұлғаның қайраткерлік биігінен қарағандағы көзқарасы мен пікір-пайымы өміршеңдігімен құнды дейді. Әр оймақтай ойдың артында терең мағына жатыр.