Алтын Орданың бастауы болған Ұлытау

Алтын Орданың бастауы болған Ұлытау

«Таза қала» бағдарламасы Ұлы дала тарихының ізі сақталған Ұлытау облысына жол тартты. Жошы хан кесенесі, Хан Ордасы, Қарсақбайдағы Қаныш Сәтбаевтың музей-үйі мен Тасбұлақ сияқты тарихи орындардың бүгінгі жағдайы қандай? Жезқазғандағы спорт туризмі қалай дамып келеді? Өңірдегі жол мәселесі мен тазалық жұмыстары қалай шешіліп жатыр? 23 тазалық шарасы қандай нәтиже берді, ал Байқоңыр көшесіндегі үйілген қоқыс мәселесі ше? Ұлытаудың туристік әлеуеті мен өңірдегі өзекті мәселелерді «Таза қаланың» жаңа шығарылымынан бірге көрейік.