ALTYN ORDA халықаралық садақ ату турнирі аяқталды
4 алтын, 3 күміс және 5 қола – Атырауда дәстүрлі садақ атудан өткен «Altyn Orda» әлем кубогында Қазақстан құрамасының қоржынынан 12 медаль түсті. Үш күнге жалғасқан халықаралық додаға әлемнің 18 елінен 200-ден астам мерген қатысқан. Қатарынан 2 алтын медаль елордалық спортшы Айкөркем Батиханға бұйырды.