Алматы облысының әкімі ауысты
Құрылтай сайлауынан кейінгі кадрлық өзгерістер жалғасып жатыр. Ендігі ауыс-түйіс әкімдер арасында жүруде. Бүгін Президент жарлығымен Алматы облысының әкімі болып 43 жастағы Шыңғыс Әрінов тағайындалды. Бұған дейін ол 2 жыл Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған. Мемлекеттік күзет қызметінде басшылық құрамда болған тәжірибесі бар. Жаңа әкімді аймаққа Премьер-министр Олжас Бектеновті өзі таныстыра келген. Алматы облысы әкімі лауазымына бастапқыда мәслихат қарауына екі кандидат ұсынылыпты. Бірақ 83 пайыз дауыспен Шыңғыс Әрінов таңдалған. Оған енді облыс ахуалын жақсартып, әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жан-жақты шаралар қабылдау міндеті жүктелген.