«Алматы-Қаскелең» автожолы 8 жолаққа дейін кеңейтіледі
Көпшілікті кептелісімен мезі еткен «Алматы-Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Құрылыс жұмыстары 20 шілде басталады. Президент тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізген Премьер-министр Олжас Бектенов жоба құны бекітілгенін және оның өсуіне жол берілмейтінін баса айтты. Жобаны қаржыландыру Қазақстанның Даму банкі арқылы жүзеге асырылады. Екі жолайрық пен 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде аталған учаскенің өткізу қабілеті 2 есе артады.