Алғашқы QAZAQ AI RESEARCH UNIVERSITY: бакалавр мерзімі – 3 жыл

Алғашқы QAZAQ AI RESEARCH UNIVERSITY: бакалавр мерзімі – 3 жыл

Qazaq AI Research University – осындай атаумен Астанада Орталық Азияда ең алғашқы жасанды интеллектке бағытталған университет ашылды. Оған студенттер де қабылданған. Қазір 528 білім алушы жаңа технологиялық жүйемен оқытылып жатыр. Яғни, мұндағы оқу процесі дәстүрлі форматтан өзгеше. Студенттер робот құрастырып, дрондарды басқарып, жасанды интеллект жүйелерін әзірлеуге үйретіледі. Жобаларын бірден тәжірибеде өткізіп, сынақ жүргізуге де мүмкіндік берілген. Тәлімгерлер бірден ұлттық суперкомпьютерлер мен Alem.cloud секілді платформамен тікелей жұмыс істей алмақ. Ғылым министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, мұнда бакалавр дәрежесін алуға 3 жыл беріледі. Талап бойынша осы уақыт ішінде әрбір студент кемі бір AI-жобаны бастан-аяқ әзірлеп, оны толық қолданысқа енгізуі қажет.