AI MONTH аясында қандай іс-шаралар өтеді?
Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған AI MONTH бағдарламасы басталды. Бұл бастама 23 қыркүйектен 23 қазанға дейін жалғасады. Бұған дейінгі AI Week, жасанды интеллектке арналған апталық енді бір айлық ұлттық жоба форматына ауысты. AI MONTH аясында Астанадағы іс-шаралармен қатар өңірлік хабтардағы оқу, жарыс және технология саласындағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар да өткізіледі. Жобаның мақсаты – оқушылар мен студенттерден бастап зерттеушілер, ғылыми ұжымдар, инвесторлар мен компанияларға дейінгі түрлі ортаны бір экожүйеге біріктіру. Толығырақ «Талдаудан» көріңіздер.