AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы басталды

AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы басталды

Бүгін жыл сайын өткізілетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы перспективті жобалар көрмесін аралады. Онда мемлекеттік басқару жүйесінде, барлық салада ЖИ-дің қалай енгізіліп жатқаны көрсетілді. Президентке Орталық Азиядағы алғашқы жасанды интеллект зерттеу университеті және Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ көрмеде «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfield.ai компаниясының жасанды интеллектке негізделген шешімдері мен деректерді өңдеу орталықтарын дамыту жоспарлары ұсынылды. Жалпы, көрмеде 250-ден астам стенд қойылған. Форум үш күнге жалғасады. Оның аясында 80-нен астам сессия мен арнайы іс-шаралар өтеді.