Agro Fest-2026: аграрлық фестиваль өтті

Agro Fest-2026: аграрлық фестиваль өтті

«Сабан» тойға дайындық басталды. Яғни, қазір егіндік аймақтарда шаруалар күзгі терім науқанына кірісуде. Биыл Ұлытау облысының өзінде 5 мың гектардан астам алқапқа бидай мен арпа егілген. Ендігі міндет – өнімді ысырапсыз жинап, терімді тыңғылықты жүргізу, сапалы астық алу. Осы мәселенің бәрі Agro Fest алаңында аймақ басшысының қатысуымен өткен жиында айтылды.

Ұлытау шаруалары үшін қазір әр күн маңызды. Бірі техникасын сайлап жатса, енді бірі егістіктің жағдайын бақылауда. Биыл өңірде астықтан тәуір өнім алу көзделіп отыр. Бұл – «Бекетай баба» шаруа қожалығының егіс алқабы. Мұнда биыл 5 мың 600 гектарға бидай мен арпа себілген. Ауылдағы кәсіптің тұрақты дамуы үшін жемшөп, қаржы, жер және мемлекеттік қолдау сияқты бірқатар түйткілдің шешімі маңызды. Осы мәселелер Ұлытау ауданындағы шаруалардың басын қосқан кездесуде де кеңінен қозғалды.