Аэротакси 2028 жылы ақылы қызмет көрсетуді бастайды
Аэротакси қашан ақылы қызмет көрсетеді? Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары әрі Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев осы сұраққа жауап берді. Сөзіне қарағанда, ұшатын таксидің толық қызмет көрсетуіне әлі 2 жылға жуық уақыт қажет. Жоспар бойынша 2028 жылы қатарынан 3 қалада коммерциялық бағыттар ашылуы мүмкін. Қазір Астана, Алматы және Қосшы қалаларында ұшқышсыз такси жобасы сынақтан өтіп жатыр. Алматыда дрондар арқылы тауар жеткізу бойынша пилоттық жоба қолға алынған. Сынақ сәтті өтсе, ол да сервис көрсету жүйесіне қосылады. Әзірге аэротакси ақысы белгісіз. Қазіргі міндет – инфрақұрылымды дайындау, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе көлігін реттейтін заңнаманы әзірлеу.