Адам өмірі – Ата заңның басты құндылығы – Президент

Адам өмірі – Ата заңның басты құндылығы – Президент

Азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау - мемлекеттің стратегиялық міндеті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін құтқарушыларды марапаттау рәсімінде осыған ерекше тоқталды. Бұл ретте төтенше жағдай қызметкерлерінің еңбегінің маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы оларды қауіпсіз Қазақстанның мызғымас тірегі деп атады. Президент елдің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайту жұмыстары жалғасатынын айтты. Осы мақсатта Қарулы күштерді жаңғыртып, заманауи талаптарға сай, кез келген қауіп-қатерге қарсы тұра алатын әскер қалыптастыру міндеті қойылған.