«Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы
Абай облысында мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды шығарып салудың жаңа форматы енгізілді. Семейде «Адал азамат – Сарбаз – Отан қорғаушы» жобасы аясында 60 жас азамат әскерге аттанды. Салтанатты шараға олардың ата-аналары, әскери қызметшілер мен ардагерлер қатысты.