Абай шығармалары ұлықталды

Абай шығармалары ұлықталды

Шымкентте Абай апталығы өтті. Әлем мәдениетінің ұлы тұлғасын дәріптеуге арналған шара «Абай әлемі» байқауымен басталып, кітапхана мен мұражайларда шығармашылық кештермен ұласты. Ақын-жазушылар Абайдың ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті. Іс-шара мұрағат құжаттары мен қолжазбалары сақталған Хакім Абай мұражайында жалғасты. Мәдени кеш Шымсити саябағында өткен концертпен қорытындыланды.