АҚШ жаңа виза кепілдігі бағдарламасын енгізіп жатыр

АҚШ жаңа виза кепілдігі бағдарламасын енгізіп жатыр

АҚШ жаңа визалық кепіл бағдарламасын енгізіп жатыр. Оған сәйкес иммиграциялық визаға кейбір өтініш берушілер 100 мыңнан 250 мың долларға дейінгі көлемде депозит талабы енгізілмек. Bloomberg Law агенттігінің хабарлауынша, пилоттық жоба Доминикан Республикасынан келген өтініш берушілерге қатысты қолданылған. Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, консулдық қызметкерлер «қоғам үшін масыл» деп саналған жеке тұлғалардан кепілдік талап ете алады. Кепілдік сомасы әрбір жағдайға жеке анықталады. АҚШ Мемлекеттік департаменті түсіндірмесінде: "Бұл иммиграциялық құқықты бұзуы емес, керісінше артықшылық» деген. Жаңа бағдарлама тағы 50 ел үшін «В» категориялы туристік және іскерлік визаға 20 мың долларға дейін кепілдік депозиті қоюға мүмкіндік бермек. Қазір АҚШ 75 елдің азаматтарына қатысты бірқатар иммиграциялық визаларды беруге мораторий жариялаған.