Ақордада 21 халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды

Ақордада 21 халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды

Құрылтай сайлауы сәтті, мінсіз ұйымдастырылды. Бүгін Ақордада халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттаған Мемлекет басшысы елдегі саяси науқанның мән-маңызына тоқталды. Тарихымызда тұңғыш рет өткен Құрылтай сайлауына белсенді қатысқан халыққа алғысын жеткізді. Конституцияда білім мен ғылымға, инновацияға басымдық берілгенін атап өтіп, халықаралық білім жарыстарында топ жарған жастарға қомақты қаржылай сыйақы берді. Оларды баптаған ұстаздарға мемлекеттік наградалар табыстады.