Ақмолалық шаруалар 2 миллион тонна астық бастырып үлгерді

Ақмолалық шаруалар 2 миллион тонна астық бастырып үлгерді

Ақмола облысында орақ науқаны қызу жүріп жатыр. Шаруалар 1 миллион 600 мың гектар алқапты орып, 2 миллион тонна астық бастырып үлгерді. Биыл аймақта 5,6 миллион гектарға дән себілген еді. Орташа түсімі 12,3 центнер болып отыр. Зеренді ауданындағы орақ науқанының барысымен облыс әкімі Марат Ахметжанов танысты.