Ақмола облысы - ауқымды құрылыс алаңы

Ақмола облысы - ауқымды құрылыс алаңы

Ақмола облысы бүгінде алып құрылыс алаңына айналған аймақ. Өңірде тұрғын үй, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қатар дамып келеді. Өндіріс орындары салынып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Соңғы екі жылда 1 миллион 400 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Ал 2030 жылға дейін 250 тозығы жеткен үй қиратылып, орнына 5 мың пәтерлік тұрғын үй кешені салынбақ. Ал стратегиялық жобалардың қатарында - Көкшетаудағы жылу электр орталығы бар. Оның құрылысы қаладағы жылу тапшылығын шешуге бағытталған. Бұған қоса, шаһарда 630 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа медициналық орталық облыс тұрғындары мен көршілес өңірлерге сапалы медициналық қызмет көрсетпек.