Ақмола өңірінің інжу-маржаны - Бурабай
«Таза қала» бағдарламасының бұл шығарылымында табиғаты көркем курортты аймақтың тазалығы мен экологиялық жағдайына назар аударамыз. Бурабайдың табиғатын таза сақтау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Туристер көп келетін аймақта тазалық қалай қамтамасыз етіледі? Қоршаған ортаны қорғауда қандай мәселелер бар? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздейміз. Бурабайдың табиғи сұлулығын сақтап, келер ұрпаққа аман жеткізу – баршамызға ортақ міндет.