7 жылда мектеп тапшылығы 4 есе қысқарға

7 жылда мектеп тапшылығы 4 есе қысқарға

Соңғы 7 жылда елімізде 1 млн астам оқушыға арналған. 1342 мектеп салынған. Нәтижесінде 3 ауысымдық мектеп саны 5 есе азайып, ал апатты деп танылған білім ордасының қатары 2 есе қысқарған. Президент «Келешек мектептері» ұлттық жобасының да жалғасатынын айтты. Бұл бастамамен 460 мың оқушы үшін 217 жаңа мектеп салынған. Оның 84-і ауыл-аймақта. Бұдан бөлек, қайтарылған активтер есебінен 90 оқу ордасы құрделі жөндеуден өткен. Қазір тағы 101 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру желісі мықтап қолға алынған. Ресми есепке қарағанда, 7 жылда балабақша мен 6 жасқа дейінгі балаларды оқытуға арналған 1483 нысан салыныпты. Қазір елде 1 млн-нан астам бала балабақшаға барады.