68 млн теңге: Шымкентте «Үздік мектеп» анықталды
Санаулы күндерден соң
оқушылар мектепке ағылады. Шымкент қаласы биылғы білім беру маусымына
тыңғылықты дайындалған. Шаһардағы 6 мектеп пен бір бала бақша күрделі жөндеуден
өтіп, жеті мектепке қосымша ғимарат салыныпты. Бұл туралы ұстаздар
конференциясында Шымкент қаласының әкімі мәлімдеді. Сондай-ақ, жиын барасында
қаладағы «Үздік мектеп» анықталып, қаржылай сыйақымен марапатталды.
Биылғы дәстүрлі тамыз
конференциясының мәні де, мазмұны да бөлек. Негізгі тақырып жаңа Конституцияның
нормалары мен құндылықтарына бағытталған. Шаһар басшысы өз сөзінде Президенттің
алға қойған міндеттеріне тоқталып, ұстаздарға сәттілік тіледі. Әрі, қала әкімдігі
білім беру саласын дамыту үшін жасап жатқан жұмыстар туралы баяндады.