5 трлн теңге: Ұлттық қордан алынатын нысаналы трансферт
Ұлттық қордан алынған трансферт ірі жобалар мен ұлттық жоспарды орындауға жұмсалады. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Амриннің сөзіне қарағанда, оның қайтарымын Үкімет алдағы бірнеше траншпен ұзақмерзімдік шартпен өтеуі тиіс. Сонымен, нысаналы трансферт есебінен алынатын 5 трлн теңге 3 жылға былай бөлінбек: 2027 жылға 2 трлн теңге, ал 2028 бен 2029 жылдарға 1,5 трлн теңгеден. Нысаналы трансферт – бұл Ұлттық қордан республикалық бюджетке арнайы заңмен ғана алу рұқсат етілетін қаражат. 2026 жылғы бюджетке осындай әдіспен 2,7 трлн теңге алынған.