4,5 мың адам донор көмегіне мұқтаж
4500-ден аса адам донорға мұқтаж. Солардың дені бүйрек ауыстыруға кезекте тұр. Донордың көмегіне зәру балалар да аз емес. Қазақстанда трансплантация жасайтын орталықтар да, білікті мамандар да бар. Мәселен, биыл 150-ден астам адамға трансплантация сәтті жасалған. Дегенмен, ағза ауыстыру мәселесінің түйіні донорларға тіреліп тұр.
Любовь Моисеева
созылмалы бүйрек ауруына шалдыққандардың бірі. Соңғы 7 жылдағы өмірі тек үйі
мен клиника арасында ғана өтіп жатыр. Аптасына 3 рет гемодиализ алады. Арнайы
аппаратпен қанын тазартып тұрмаса болмайды. Өйткені бағыңа орай донор табылып,
ақпанда ғана бүйрек трансплантациясын жасатты.