380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Биыл 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Олардың 84 пайызы мектепке қабылданып үлгерді. Ата-аналар өтінімді  eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн жіберген. Бұл  Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен жобасы. Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Демографиялық өсімге байланысты бірінші сыныпқа баратын балалардың ең көп саны Түркістан мен Алматы облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген.