3 жылда қайтарылған актив: 1,1 трлн теңге

3 жылда қайтарылған актив: 1,1 трлн теңге

1 трлн 154 млрд теңге – 3 жыл ішінде дәл осындай қаражат заңсыз сыртқа кеткен активтер есебінен елге қайтарылған. Бүгін Үкіметтің баспасөз қызметі Бас прокуратураның деректеріне сүйене отырып, осындай ақпарат жариялады. Активтер қатарында ақшалай ғана емес, жылжымайтын мүлік пен жер, түрлі компаниялар үлесі есебінен де бар. Бүгінде бұл қаражаттар шетінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға, халықтың тұрмысын жақсартуға жұмсалып жатыр. Мәселен, республика бойынша 102 әлеуметтік нысан салынған. Оған 365 млрд теңге бөлініпті. Жыл соңына дейін тағы 93 нысан іске қосылады. Соңғы 3 жылда арнаулы қордан 466 нысанның құрылысына 617 млрд теңге бөлінген. Оның 349-ы пайдалануға беріліп қойыпты. 188 сумен жабдықтау, 163 денсаулық сақтау, 7 білім беру және 3 спорт ғимаратының құрылысы аяқталған. Елге сыртқа заңсыз кеткен активтерді қайтару науқаны 2023 жылдың қыркүйегінде басталды.