3 жылға арналған бюджет жобасы таныстырылды
Құрылтайдың жұмысы
қызды. Бүгін жаңа депутаттар алдағы 3 жылға арналған бюджет жобасымен танысты.
Үкіметтің жоспарына қарағанда, кіріс пен шығысты бөлу оңай болмайтын сияқты.
Өйткені министрліктер мен әкімдіктерге үлестіретін ақша қазына резервінен 5
трлн теңгеге асып тұр.
Сүндет Оралбек, тілші:
- Соңғы уақыттағы геосаяси жағдай мұнай нарығын біршама құбылтты. Барреліне 120 доллар дейін барған кездер тіркелді. Бұдан Қазақстан ұтпаса, ұтылған жоқ. Сондықтан бұған дейінгі бюджет тапшылығы 10 трлн шамасында болса, енді алдағы 3 жылға ұсынылған бюджетте ол 5 трлн теңге болыпты. Демек, жартысы жабылған. Әрине, бұған әсер еткен, мұнайдан түскен баж салығының еселенуі мен Салық реформасы.
Сонымен, Үкімет қаржы
және бюджет комитетіне алдағы үш жылдың басты қаржы құжатын мынадай есеппен
таныстырды. Экономикасының жылдық өсімі
5 пайыздан асады. Инфляцияны дәлізі келер жылы 7,5 – 9,5 пайыз аралығында
болса, 2028-2029 жылдары 6-8 процент аралығына жетуі тиіс. Ал бюджеттің есебіне
келсек: 2027 жылғы шығыстар - 30,2 трлн теңге, 2028 жылы - 29,4 трлн теңге, 2029
жылы - 29,6 трлн теңге.