278 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

278 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Атыраулық рекордшы сайлау учаскесіне жүк көлігін сүйреп барды. Қара күштің иесі Ерсейіт Бралин сайлау күніне орай арматураны қолымен иіп, одан «23» санын да жасады. Жалпы, Атыраулықтардың саяси науқандағы белсенділігі жоғары. Маңызды күнде мәдени шаралар мен спорттық жарыстар да ұйымдастырған. Қазір аймақта 278 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.