27 қыркүйек – Еңбек күні

27 қыркүйек –  Еңбек күні

Алда келе жатқан демалыс күні яғни 27 қыркүйек – елімізде Еңбек күні. Бұл күн 2014 жылдан бері қыркүйектің соңғы жексенбісіне белгіленген. Оның мақсаты – адал еңбекті дәріптеу, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру және жастардың жұмысшы мамандықтарға қызығушылығын арттыру.

Күн сайын мыңдаған жолаушыны тасымалдап жүрген Tarlan Astana пойыздарының кабинасында кәдімгі машинист жоқ. Өйткені елорданың LRT жүйесі GoA4 деңгейінде жұмыс істейді. Бұл – пойыздың қозғалысы, стансаға тоқтауы, есіктің ашылып-жабылуы, тіпті депоға кіріп-шығуына дейін автоматты түрде орындалатын ең жоғары автоматтандыру деңгейі.

 

Бүгінде желіде 18 станса бар. Осындай жүйені іске қосуға атсалысқан мамандардың бірі – Жандияр Нығмет. Ол еңбек жолын теміржолдан бастап, кейін бес жыл көліктік бақылау саласында қызмет еткен. 2025 жылы LRT операторларын іріктеуге қатысып, арнайы дайындықтан өтіп, кейін аға оператор қызметіне дейін көтерілді.

 

Ендеше жүргізушісіз пойызға машинист не үшін керек? Автоматика істен шықса не болады? Ал LRT-ны қолмен басқаруға бола ма? Осы мамандықтың көпшілік біле бермейтін тұстарын сұрап көрейік.