2035 жылға дейін 2,9 миллион маман қажет

2035 жылға дейін 2,9 миллион маман қажет

Алдағы 9-10 жылда еліміздің еңбек нарығына 3 миллионға жуық маман қажет болады. Оның 1 млн 800 мыңы жұмысшы кадрлар. Әсіресе өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, ІТ салаларына маман жетіспеуі мүмкін. Бұл елдегі ауқымды инфрақұрылымдық жобалармен тікелей байланысты. Алдағы жылдары ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сондықтан қажетті мамандарды қазірден даярлау керек. Бүгінде елімізде 763 колледж бар. Онда 500 мыңнан астам студент оқиды. Ал қажетті машығы бар, бірақ қолында дипломы жоқ азаматтар арнайы орталықтарға жүгініп, мамандық ала алады.