2030 жылға дейін 557 жаңа вагон жеткізіледі

2030 жылға дейін 557 жаңа вагон жеткізіледі

Пайдалану мерзімі 25 жылдан асқан вагондар қолданыстан алынып, жаңартылады. Мәселен, Қазақстанда вагон шығаратын компанияның бірі жылына 100 жолаушылар вагонын шығаруды жоспарлаған. 2030 жылға қарай оның көлемін 557-ге жеткізбек. Бүгін Stadler Kazakhstan кәсіпорыны алғаш рет БАҚ өкілдері үшін ашық есік күнін өткізді. Мұнда теміржолға қажетті бөлшектер де шығарылады. Компания «Жолаушылар тасымалы» желісіне арналған 85 жаңа вагон жасаған. Олардың барлығы жолға шығуға дайын тұр. Жалпы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2026 жылы отандық өндірістен 13 мың жүк және 500 жолаушылар вагонын сатып алуға арналған бесжылдық бағдарламаны бекіткен.