$200 млн инвестиция: гуманоид роботтарды жасайтын зауыт салынады

$200 млн инвестиция: гуманоид роботтарды жасайтын зауыт салынады

Гуманоид, яғни адамға ұқсайтын роботтарды енді біз де жасаймыз. Озық технологияға негізделген зауыттың құрылысы Астанада басталған. Кәсіпорынның алғашқы кезеңіне салынатын инвестиция 200 млн доллар. Бүгін QAZBOT ROBOTICS – 2026 форумына жоба авторлары қатысып, технологиялық алаңның барысы туралы толық ақпарат берді. Оған қарағанда, кәсіпорын Robotics пен AI бойынша да зерттеулерді біріктіріп, түрлі инженерлік міндеттерді атқарады. R&D орталығы да болады. Гуманоид роботтарды жасаудың барлық циклі жүреді. Яғни құлтемірлердің қаңқасынан бастап, жасанды интеллектіге негізделген бағдарламалауға дейін жасалады. Серіктестікке Қытай компаниялары тартылған. Олар инженерлік кадр даярлау жағын реттейді.