200-ге жуық отбасыға пәтер кілті берілді

200-ге жуық отбасыға пәтер кілті берілді

Бүгін Павлодарда 200-ге жуық отбасы жаңа пәтердің кілтін алды. Баспаналы болғандар әлеуметтік санат бойынша пәтер кезегінде тұрғандар. Аймақтың әлеуетін арттыру жобасы әлі де жалғасады. 


Үлкен қуанышқа кенеліп, қоныс тойын тойлайтындардың бірі - Дмитрий Калининнің отбасы. Ол бұл сәтті 19 жыл күткен. Өйткені 2007 жылы ата-ана қомқорлығынан айырылып, үй кезегіне тұрған еді. Енді, міне, екі бөлмелі пәтердің кілті алып тұр.