200-ден астам отбасы жәрдемақыдан бас тартты

200-ден астам отбасы жәрдемақыдан бас тартты

200-ден астам отбасы жәрдемақыдан бас тартты. 460 мыңнан астам жанұяның тұрмысы түзелген. Олар әл-ауқаты жоғары санатқа ауыстырылды. Бұл туралы Премьер-министрдің төрағалығымен өткен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау жөніндегі кеңесте айтылды.  Енді цифрлық жүйе кімнің көмекке шын мұқтаж екенін анықтауға көмектеседі. Ал жасанды интеллект өтініштерді тексеріп, жәрдемақыны тағайындау процессін жеделдетпек. Жаңа тәсілдер төлемдердің қайталануына жол бермейді дейді жауаптылар. Ал жүйе қалай жұмыс істейді? Әріптесім Сүндет Оралбек тарқатады.  

¤

Енді әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтарға беріледі. Үкімет 36 жәрдемақының 14 түріне өзгеріс енгізбек. Қазір Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге тексеру жүргізіп жатыр. Бұл азаматтардың әл-ауқатын бағалап, оларды тиісті санатқа дұрыс бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 20 миллионнан астам азамат пен 6 миллион үй шаруашылығының деректері жинақталған «Отбасының цифрлық картасы» арқылы да талдау жасалуда. Биылдың өзінде 464 мыңнан астам отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарғаны анықталды. Олар әл-ауқаты жоғары санатқа ауыстырылыпты.