20 жылдық тарихы бар ет комбинат өндірісін кеңейтті
Елордада жылына 18 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы «Астана ЕТКОМ» жаңа кешені іске қосылды. 20 жылдық тарихы бар кәсіпорынға 8 миллиард теңге инвестиция тартылып, еуропалық стандарттағы жабдықтар орнатылған. 300 адамды жұмыспен қамтитын кешен өнімдерін көрші елдерге шығаруды жоспарлап отыр.
Кәсіпорын тарихы 2004 жылы басталады. Ауылдағы шағын цех еді. Ал бүгінде еуропалық техникамен жабдықталған заманауи зауытқа айналды. Кешен тәулігіне 55 тоннаға дейін дайын өнім шығарады.
Бахтияр Нуртазин, «Астана ЕТКОМ» ЖШС директоры:
- Өндірісті
қадағалайтын автоматтандырылған жүйелерді енгіздік. Әр бөлімшеде
компьютерлендірілген есеп-жабдық механизмдері орналасқан. Осының арқасында біз
жоғары сапаға қол жеткізіп отырмыз.