199 шаруашылық жеңілдетілген несие алды

199 шаруашылық жеңілдетілген несие алды

Абай облысында егін және мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындар өндіріс көлемін арттырып, техникаларын жаңартып келеді. Бұл ретте жеңілдетілген несие бағдарламаларының маңызы зор. Біздің тілшіміз Динара Ерболқызы аграрлық салаға бөлінетін қаржының қалай игеріліп жатқанын біліп алды.

Бесқарағай ауданындағы 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір кәсіпорынның жер көлемі 42 мың гектарға жеткен. Мұнда күнбағыс пен дәнді дақылдар өсіріледі.

Талғат Аубакиров, BA Agro Group компаниясының директоры:

- Биыл 12,5 мың гектарға күнбағыс, 5 мың гектарға дәнді дақылдар ектік. Аграрлық несие корпорациясымен екінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеміз. Бағдарлама шарттары көңілімізден шығады.

Жаңасемей ауданындағы бұл агрофирма малмен қатар егін өсіреді. Шаруашылықтың егістігі 3 мың гектар. Оның 1 800 гектары суармалы алқап.