184 қазақстандық «Болашақпен» шетелде білім алады
Биыл 184 қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алады. Оның 137-сі магистратураға, 10-ы докторантураға түссе, 37 маман кәсіби тағылымдамадан өтеді. Бұдан бөлек, 51 ғалым әлемнің жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтетін болды. Жаңа стипендия иегерлерін даярлауда инженерия, медицина, атом өнеркәсібі, энергетика, жасанды интеллект, биотехнология және жаңа материалдар сияқты стратегиялық бағыттарға басымдық берілген. Бұл «Болашақ» бағдарламасының мақсаты да өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. Яғни шетелден білім алып қана қоймай, Қазақстанға қажет нақты салаларға маман даярлау көзделген.