16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тіркелуге шектеу қойылады

16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тіркелуге шектеу қойылады

16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заңмен шектеу қойылуы мүмкін. Бүгін Мемлекет басшысы мұны  жан-жақты таразылап, жүзеге асыру тетіктерін пысықтауды Құрылтай депутаттарына тапсырды. «Заң қауқарсыз болып қалмасын» - деп шегеледі.

¤

Сүндет Оралбек, тілші:

- Мемлекет басшысы бүгінгі алқалы жиында елдің ертеңіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Болашаққа бағдарымызды айқындап берді. Әсіресе, азаматтық сана-сезім мен ұлт менталитетін жаңғырту үрдісіне ерекше тоқталды. Ескілікті аңсамай, алға батыл қадам басу – басты ұстаным болуы тиіс екенін баса айтты. Аузымен орақ орғандар емес, істің адамы бағаланатын, жалғандыққа жаны қас, шындыққа жақ халық болғанымыз жөн. Міне, осы қағидаттар келешек ұрпақ идеологиясының өзегіне айналуы керек.