14 отбасы баспаналы болды
Батыс Қазақстан облысында жалғыз баспанасы апатты деп танылған 600-дей азамат тұрғын үй кезегіне тіркелген. Жыл соңына дейін олардың 50 пайызын баспанамен қамту көзделіп отыр. Жаңақала ауданында осы санаттағы 14 отбасыға пәтер кілттері табысталды. Жаңа қоныс иелерін аймақ басшысы Нариман Төреғалиев құттықтады.