1300-ден астам адам бостандыққа шықты
Қазақстанда амнистияға іліккендерді абақтыдан шығару
процесі жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін 1300-ден астам адам бостандыққа
шыққан. Тағы 724 азамат пробация мүмкіндігін алған. Бұл – жаңа Конституцияның
қабылдануына байланысты жарияланған рақымшылық туралы заңның нәтижесі. Ішкі
істер министрлігінің мәліметінше, амнистияға іліккендердің істері
кезең-кезеңімен қаралуда. Бүгінге дейін сотталушылар тарапынан 10 мыңға жуық
ұсыныс жолданған. Оның 4 мыңнан астамы түзеу мекемелерінен, ал 6 мыңнан астамы
пробация қызметтерінен. Айта кетейік, рақымшылық өтініш бергендердің бәріне
бірдей қолданылмайды. Әр іс бойынша құжаттар жеке қаралып, түпкілікті шешімді
соттың өзі шығарады.
¤
Нияз Рыспаев, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары:
- Қазіргі таңда соттар мыңнан астам материалды қарап шықты. Нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Олар босатылғаннан кейін әкімшілік қадағалауда болады. Пробация қызметінің есебінде тұрған 724 азамат жазасын өтеуден босатылды. Бұдан бөлек, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.