13 коллекторлық агенттік лицензиясынан айырылған
Микроқаржыландыру
және коллекторлық агенттіктер нарығында жұмыс істейтін 13 субъект лицензиясынан
айырылды. 6-уының лицензиясы уақытша тоқтатылса, 4 коллекторлық агенттік
қатардан шығарылған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы
Мәдина Әбілқасымова бүгін Президент қабылдауында осындай есеп берді. Бұдан
бөлек, соңғы 8 айдағы банктердің активтері 75,6 трлн теңгеге дейін ұлғайып,
капиталдың жеткіліктілігі 20,7 пайыз. Агенттік қаржы секторындағы субъектілерге
ревизия жүргізуді жалғастыруда. 279 инспекторлық тексеру жүргізіліп, 190 қадағалау шарасы қолданылған. 465 млн
теңгеге айыппұл салынды. Биыл мерзімі кешіктірілген берешекті ұжымдық реттеу
үшін Finkelisim.kz платформасы іске қосылған. Жыл соңына дейін азаматтардың
арыз-шағымдарын қарау мақсатында Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі жұмысын
бастайды.